ҚазҰУ қалашығында 65 түп ағаш отырғызылды — ҚазҰУ

ҚазҰУ қалашығында 65 түп ағаш отырғызылды

23 қазан 2026
ҚазҰУ қалашығында 65 түп ағаш отырғызылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 65 түп ағаш отырғызылды. 

Шараға оқу орнының ғалымдары, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Акция барысында университет аумағына 30 қарағай мен 35 бөртегүл ағашы егілді. Көшеттер оқу ғимараттары мен жатақханалар маңына отырғызылды. 

Бүгінде ҚазҰУ қалашығы жасыл желекке бай аумақтардың бірі саналады. 2021 жылдан бастап, бүгінге дейін қалашықта 3000-нан астам ағаш егілді. Оның ішінде 2200 қарағай жатақханалардың маңына, ал 100 қарағай кітапхана алаңына егілген. 250 шырша спорт кешенінің, 250 жеміс ағашы қалашық аумағына отырғызылған.

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі