ҚазҰУ ғалымдары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Насимова «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жоғарғы мемлекеттік награда Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі жарлығымен отандық ғылым мен білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Гүлнар Өрленбайқызы ұзақ жылдар бойы ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысып, саясаттану ғылымын өрістетуге және білім беру үдерісін жетілдіруге елеулі үлес қосып келеді. Оның жетекшілігімен кафедрада еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандар даярлануда.

Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қалыш Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Гүлнар Өрленбайқызын және Аманжол Боранбайұлын лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, ғылыми-педагогикалық қызметтеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар