2026 жылғы 20 қазанда Экономика кафедрасы «6В04103 – Экономика» мамандығының 4-курс студенттерімен «Ұлттық экономиканың өзекті мәселелері» пәні аясында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел ТДМ-ның 4-ші «Сапалы білім беру», 8-ші «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», 11-ші «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» мақсаттары шеңберінде ұйымдастырылды.
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – БҰҰ қабылдаған, 2030 жылға дейін әлемдегі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған 17 мақсаттың жиынтығы.
ТДМ аясында өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығы – қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау. Негізгі маңыздылығы:
Әлеуметтік бағыт: кедейлікті азайту, сапалы білім мен медициналық қызметке қолжетімділікті арттыру, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету.
Экономикалық бағыт: тұрақты экономикалық өсуді қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру.
Экологиялық бағыт: табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды азайту және климаттың өзгеруіне қарсы күресу.
Қоғамдық бағыт: азаматтардың жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік теңдік пен серіктестікті нығайту.

Яғни ТДМ аясындағы іс-шаралар Қазақстанның тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Олардың нәтижелі жүзеге асуы мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен әрекетіне байланысты.
Осы мақсаттар маңыздылығына қарай орайластырылып өткізілген дөңгелек үстел форматындағы іс-шара “Кәсіпкерлік: салалық құрылымның ерекшеліктері және кәсіпкерлік капитал” тақырыбында ұйымдастырылды. Отандық кәсіпкерлік капитал – Қазақстандағы кәсіпкерлердің бизнесті дамытуға, тауар өндіруге, қызмет көрсетуге және пайда табуға бағытталған қаржылық, материалдық және зияткерлік ресурстарының жиынтығы.
Оның негізгі мақсаты – ұлттық экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру және отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту.
Отандық кәсіпкерлік капиталдың негізгі түрлері:
Қаржылық капитал – ақша қаражаты, инвестициялар мен несиелер.
Материалдық капитал – ғимараттар, құрал-жабдықтар және өндіріс техникасы; адами капитал – кәсіпкерлер мен қызметкерлердің білімі, тәжірибесі және дағдылары; яғни отандық кәсіпкерлік капитал – Қазақстан экономикасының өсуіне, кәсіпкерліктің дамуына және елдің экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал ететін маңызды фактор.
Дөңгелек үстел қазіргі қоғамдағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін, ұлттық экономиканы нығайтудағы оның рөлін және отандық өндірушілердің маңызын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Талқылау барысында қатысушылар кәсіпкерлік капиталдың мәнін, оның экономикалық өсімге әсерін және салалық құрылымның ерекшеліктерін талдады. Студенттер өз зерттеулерін таныстырып, қазақстандық кәсіпкерліктің дамуындағы басты бағыттар мен мәселелерге тоқталды. Әсіресе шағын және орта бизнес секторының ел экономикасындағы рөлі, инновациялық кәсіпкерлік пен өңірлік даму мәселелері кеңінен қарастырылды.

Шараның ерекше бөлігі ретінде студенттер қазақстандық өндірушілердің өнімдерін таныстырды. Қатысушылар «Баян Сұлу», «Food Master», «JLC», “ХАМЛЕ”,“3 Желания”жане басқа да отандық компаниялардың өнімдерін таныстырып, олардың нарықтағы орны мен даму стратегиялары туралы баяндама жасады. Бұл көрме-талқылау студенттерге кәсіпкерліктің нақты мысалдары арқылы салалық құрылым мен брендтік капиталдың қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік берді. Дөңгелек үстелде кәсіпкерлікті қолдау саясаты, инвестициялық мүмкіндіктер, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және отандық өнімді ілгерілету жолдары да талқыланды. Қатысушылар жастар арасында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мен инновациялық ойлауды дамыту қажеттігін ерекше атап өтті. Іс-шара соңында студенттер кәсіпкерлік – экономикалық өсімнің басты қозғаушы күші, ал отандық өндірушілердің дамуы ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің маңызды кепілі деген қорытындыға келді.
Дөңгелек үстелдің қонақтары: “Экономика” кафедрасының аға оқытушысы Кулиев И.У., Р.Мурабилдаева және факультеттің докторанты, “Экономика”, “Қаржы” мамандығының студенттері.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы және модераторы: “Экономика” кафедрасының PhD, доцент м.а. Г.К. Иляшова
Басқа жаңалықтар