«Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктері мен келешегі» атты республикалық онлайн форум өтті — ҚазҰУ

«Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктері мен келешегі» атты республикалық онлайн форум өтті

23 қазан 2026
«Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктері мен келешегі» атты республикалық онлайн форум өтті

 

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 17-мақсаты – «Тұрақты даму жолындағы серіктестік», яғни тұрақты даму мүддесіндегі іске асыру құралдарын нығайту және жаһандық серіктестікті жандандыру аясында 2026 жылғы 23 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктері мен келешегі» атты республикалық онлайн форум өтті.

Аталған іс-шараға С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Телекоммуникация» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 05-059-26-23 тобының 1-курс студенттері мен аға оқытушы А. Дузелбай, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Халықаралық қатынастар және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Б.Аликбаева жетекшілігімен студенттер қатысты.

Форум барысында студенттер Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани жетістіктеріне тоқталып, еліміздің даму жолындағы маңызды өзгерістер мен болашақ мүмкіндіктері туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Қатысушы студенттер өз баяндамаларында тәуелсіздіктің тарихи маңызын, мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдерін, ұлттық құндылықтарды сақтау мен жаңғыртудың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық аренадағы орны, білім мен ғылым саласындағы жетістіктері, жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлі кеңінен талқыланды.

Іс-шара аясында әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері өзара пікір алмасып, ел дамуына қатысты көзқарастарын ортаға салды. Жастар патриотизм, азаматтық жауапкершілік, ұлттық бірегейлік және тұрақты даму мәселелеріне ерекше назар аударып, тәуелсіз Қазақстанның келешегі білімді, саналы әрі белсенді жас ұрпақтың қолында екенін атап көрсетті.

Форум жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің ғылыми-танымдық белсенділігін арттыруға және өзара тәжірибе алмасуына бағытталды. Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсатымен үндесіп, білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті дамытуға және ортақ құндылықтар төңірегінде бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, «Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктері мен келешегі» атты республикалық онлайн форум жастардың отансүйгіштік сезімін арттыруға, тарихи санасын қалыптастыруға және ел болашағына деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды рухани-танымдық алаң болды. Мұндай іс-шаралар университеттер арасындағы байланысты күшейтіп қана қоймай, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуына өз үлесін қосуға ынталандырады.
Іс шараны ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Өмірбекова А.Ө. Мұқан Н.