Алматы қаласында гидтерді бастапқы даярлау курсы аяқталды
Алматы қаласы Туризм басқармасының ұйымдастыруымен 15-21 қазан аралығында өткізілген «Гидтерді бастапқы даярлау» курсын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы Әділбай Б.С. мен магистранты Сейткамал А.Қ. сәтті аяқтады.
Курс аясында қатысушылар гидтердің кәсіби кодексі мен этикасы, WFTGA халықаралық ұсынымдары мен Қазақстан Республикасының ресми стандарттары, ерекше қажеттіліктері бар туристерге қызмет көрсету ерекшеліктері, төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері бойынша білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар қалалық жаяу және автобустық экскурсияларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесін меңгерді.

Оқыту бағдарламасы қатысушыларға гид қызметінің практикалық қырларымен танысуға, туризм саласының мамандарымен тәжірибе алмасуға және экскурсиялық қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Рекреациялық география және туризм кафедрасының ұжымы әріптесіміз бен магистрантымызды кәсіби құзыреттіліктерін арттыруымен құттықтайды!
Басқа жаңалықтар