Эмоционалды интеллект: санадан өзін-өзі реттеуге арналған эмоциялар. — ҚазҰУ

Эмоционалды интеллект: санадан өзін-өзі реттеуге арналған эмоциялар.

27 қазан 2026
Эмоционалды интеллект: санадан өзін-өзі реттеуге арналған эмоциялар.

22 қазанда "Химия" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері үшін "Эмоционалды интеллект-стрессті басқару" семинар – тренингі өткізілді. Іс-шараны химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай-химиясф кафедрасының оқытушылары С.М. Наренова, Е.Ж. Усипбекова және Г.А. Сүлейменова ұйымдастырды. Шараға арнайы шақырылған ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Қонысбай Толқынай Ержанқызы эмоциялық интеллект туралы білімнің тарихы мен дамуы туралы қызықты айтып берді. Сондай-ақ, ЭИ-нің негізгі компоненттерінің маңыздылығы ашылды: қарым-қатынас, өзін-өзі тану, эмпатия, мотивация және өзін-өзі бақылау, адамның дамуы мен кәсіби өсуінде екендігі жайлы кеңірек талқыланды. 101Х-ші топ студенттері  ЭИ-ді өмірде қолдануға арналған ойын-сауық викторинасынұйымдастырды. Семинар-тренинг соңында Толқынай Ержанқызы ЭИ деңгейін анықтауға тестілеу өткізіп, оның нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тиімді әдістемелер берді.

Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушысы, 

т.ғ.к Наренова Сауле Маратовна