«Әлем мемлекеттерінің рәміздері» іс-шарасы — ҚазҰУ

«Әлем мемлекеттерінің рәміздері» іс-шарасы

23 қазан 2026
«Әлем мемлекеттерінің рәміздері» іс-шарасы

Бүгін, 23 қазанда, Қазақстан Республикасы Күніне орай дипломатиялық кафедрасының аға-оқытушысы Өтепова А.М ұйымдастыруымен  «Әлем мемлекеттерінің рәміздері» іс-шарасы өтті.
Іс- шара «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен өтті. Студенттер әртүрлі елдердің туларынан, елтаңбаларынан және әнұрандарынан стендтер әзірлеп, әр рәмізде қандай тарих пен құндылық жатқанын әңгімеледі.
Іс-шараның мақсаты — қонақтарды әлем елдерінің мемлекеттік рәміздерімен таныстыру және мерекелік күндерде Қазақстан рәміздерінің мәнін атап өту.