Студенттердің психологиялық және физикалық қауіпсіздігі
2026 жылғы 26 қазанда сағат 13:30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасында (№6 БОҒ, 214-аудитория) «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 1-курс БТ 26-01К, БТ 26-02К, БТ 26-03К және БТ 26-04К топтарының студенттерімен «Студенттің психологиялық және физикалық қауіпсіздігі» тақырыбында эдвайзер-кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараға Биотехнология кафедрасының меңгерушісі, доцент Ф.Қ. Сәрсекеева, ассистент-профессор Қ.А. Мұхатаева және топтардың эдвайзер-кураторы, профессор С.Ш. Асрандина қатысты.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің психологиялық және физикалық қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту, стресті тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру, психологиялық тұрақтылықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жеке қауіпсіздік мәдениетін дамыту.
Студенттер «Стресті басқару және жеке қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында дайындаған презентацияларын ұсынып, психологиялық саулық, стрестің алдын алу және салауатты өмір салты мәселелерін талқылады. Ассистент-профессор Қ.А. Мұхатаева психологиялық тұрақтылықты сақтау және жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Эдвайзер-куратор, профессор С.Ш. Асрандина іс-шараны қорытындылап, студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, стресті басқару дағдыларын дамытуы, оқу мен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауы және өзара қолдау көрсетуі қажеттігін атап өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №3 «Денсаулық және әл-ауқат» бағытымен сабақтастырылды.
![]()
|
![]()
|
|
|
![]()
|
![]()
|
![]()
|
![]()
|
Басқа жаңалықтар





