«Тіл – татулық тірегі» атты азаматтық-патриоттық тәрбие сағаты өтті
5 қыркүйек 2026
4 қыркүйек күні сағат 12:00-де 305 аудиторияда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 105 және 109 академиялық топтарында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында азаматтық-патриоттық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараны 105 академиялық топтың куратор-эдвайзері Құрманжан Мағжан Сәбитұлы және 109 академиялық топтың куратор-эдвайзері Бақыт Сара Буркитбекқызы ұйымдастырды.
Аталған маңызды іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гүлдана Амангельдиевна алғы сөзбен ашып, студенттерге тілдің қоғамдағы орны мен азаматтық жауапкершілік жөнінде мазмұнды ой-пікірлерін білдірді.
Тәрбие сағаты барысында ана тілінің қадірі, мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызы, тіл – ұлт бірлігі мен татулықтың негізі екені туралы мазмұнды ой-пікірлер ортаға салынды. Студенттер өз пікірлерін білдіріп, тілдің ұлттық болмысты, мәдениет пен рухани құндылықтарды сақтаудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, студенттер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, өлең оқып, шығармашылық қойылымдар ұсынып, тәрбие сағатының мазмұнын аша түсті.
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026