- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚАЗАҚСТАН ДІНТАНУЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТАРИХЫ: М.С. ОРЫНБЕКОВ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«ҚАЗАҚСТАН ДІНТАНУЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТАРИХЫ: М.С. ОРЫНБЕКОВ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«ҚАЗАҚСТАН ДІНТАНУЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТАРИХЫ: М.С. ОРЫНБЕКОВ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Тәуелсіз Қазақстандағы дінтану ғылымының жаңа бағытын қалыптастырушылардың бірі, көрнекті ғалым-дінтанушы Мұхаммадияр Серікбекұлы Орынбековтің
80 жылдығына арналады.
2026 жылғы 13 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті отандық дінтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым-дінтанушы Мұхаммадияр Серікбекұлы Орынбековтің 80 жылдығына арналған «ҚАЗАҚСТАН ДІНТАНУЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТАРИХЫ: М.С. ОРЫНБЕКОВ» атты ғылыми дөңгелек үстел өткізетінін хабарлайды.
Қазақстандағы дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы отандық философиялық ойдың эволюциясымен, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың жаңаруымен және тәуелсіздік кезеңіндегі ғылыми ізденістердің жаңа бағыттарының пайда болуымен тығыз байланысты. Осы үдерісте М.С. Орынбековтің ғылыми қызметі мен зияткерлік мұрасы ерекше орын алады. М.С. Орынбековтің ғылыми мұрасы діннің тарихи, философиялық және дүниетанымдық негіздерін зерделеу, ұлттық рухани құндылықтарды пайымдау және отандық дінтану ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерін зерттеу тұрғысынан маңызды мәнге ие.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – М.С. Орынбековтің ғылыми және зияткерлік мұрасын жан-жақты зерделеу, оның тәуелсіз Қазақстандағы дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін айқындау, отандық дінтанудың интеллектуалдық тарихын ғылыми тұрғыдан талқылау. Сонымен қатар ғалымның ғылыми идеяларының сабақтастығын көрсету, отандық дінтану мектебінің қалыптасу ерекшеліктерін саралау және оның ғылыми мұрасын кейінгі ұрпаққа танытуды мақсат етеміз.
Дөңгелек негізгі секциялары:
1. М.С. Орынбековтің ғылыми мұрасы және отандық дінтану ғылымының қалыптасуы;
2. Қазақстан дінтануының интеллектуалдық тарихы және ғылыми дәстүрлер сабақтастығы;
3. Қазіргі Қазақстандағы дінтану ғылымы: жаңа зерттеу бағыттары мен даму перспективалары
Ғылыми дөңгелек үстелімізге философия, тарих, саяси теория, дінтану, мәдениеттану, шығыстану, түркітану, тіл білімі және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық және пәнаралық бағыттар бойынша зерттеу жүргізетін отандық және шетелдік ғалымдар, университет профессорлары, ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, жас зерттеушілер, докторанттар мен постдокторанттар шақырылады.
Дөңгелек үстел аясында М.С. Орынбековтің 80 жылдығына орай ғалымның өмір жолы, ғылыми-педагогикалық қызметі және зияткерлік мұрасына арналған кітаптың таныстырылымы жоспарлануда. Аталған басылым арқылы ғалымның отандық философия және дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін кеңінен танытуды, оның ғылыми мұрасын жүйелеу және келешек ұрпаққа жеткізу мақсат етіледі.
Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс тілдері.
Өтетін уақыты мен орны:
2026 жылы 13-Қараша, басталуы 15:00.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
«Әл-Фараби» ғылыми кітапханасы (303-конференц залы), Алматы қаласы, әл- Фараби даңғылы, 71.
Ұйымдастыру комитеті:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы және «Әл- Фараби» орталығы.
Байланыс ақпараты:
Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор, e-mail: Ainura.Kurmanalieva@kaznu.edu.kz
Балтымова Мира Рашидқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, профессор м.а., байланыс тел.: +7 705 378 9221 (whatsapp), e-mail: Mira.Baltymova@kaznu.edu.kz
Сарсембаев Руслан Меиржанович, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, доцен м.а., байланыс тел.: +7 707 118 4461 (whatsapp), e-mail: rus_tk007@mail.ru
Сәрсебаева Рауана Аманқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, оқытушы, байланыс тел.: +7 777 610 6569 (whatsapp), e-mail: rauanasars@gmail.com
Басқа жаңалықтар