Жасыл технологиялар

11 қазан, 2016

ҚазҰУ-ға ғылыми білім беру бағытында әріптестік орнату мақсатымен Қазан ұлттық ғылыми-технологиялық университетінің (ҚҰҒТУ) ректоры Герман Дьяконов бастаған делегация келді.

Қонақтар ҚазҰУ-дың білім беру деңгейі мен ғылыми-зерттеу әлеуетіне жоғары баға берді. Кездесу барысында қос дипломды білім беру мен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға ерекше мән берілді.

«ҚҰҒТУ-да органикалық және органикалық емес синтездерді, химиялық, мұнай-химиялық және басқа да өнеркәсіп салаларының өндірісін жобалау институты жұмыс атқарады. ҚҰҒТУ мен ҚазҰУ-дың кадрлық әлеуеті өндірістік ресурстарды біріктіруді, зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің мүмкіндігін тудырды. Бірлесіп-ұйымдасқан жұмыс екі тарапқа да тиімді әрі қаржылық жағынан қолайлы», - деп атап өтті Герман Дьяконов.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов өз тарапынан серіктестікке дайын екендігін білдірді. «Біз Ресей университетімен байланыс орнатуға мүдделіміз. ҚазҰУ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны, алдағы уақытта мақсатымыз халықаралық дәрежедегі зерттеу университетіне айналу. Біз қолданбалы ғылымды барынша өндіріс пен кәсіпке жақындатудамыз. Университет ғалымдары жақын және алыс шетелдің, сонымен қатар Ресейдің жоғарғы оқу орындарындарындағы әріптестермен тығыз байланыс орната отырып, халықаралық жобаларды іске асыруда», - деп Ғалым Мұтанов мәлімдеді.

Бірлесіп атқаратын жұмыстың келешегі мен алғышарттарын атап өтіп, ҚазҰУ мен ҚҰҒТУ-дың жетекшілері 2017-2019 жылдарына «Аса шиеленіскен ортаға негізделген жасыл технологиялар» жобасын іске асыру туралы келісім-шартқа қол қойды.

Тараптар ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық ақпарат пен техникалық өнімдерді алмасуды, семинарлар мен көрмелерді ұйымдастыру мен өткізуді, мақалалар мен монографияларды, сондай-ақ ортақ баяндамаларды жазу мен жариялау және тағы басқа да шараларды атқаруды жоспарлады.

Қазан ұлттық ғылыми университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бір семестрге 10 орын бөлуге дайын екендігін жеткізді.