ҚазҰУ-да «Құқығың өз қолыңда» атты конференция өтті: «Заң мен тәртіп» парадигмасы және цифрландыру мәселелері талқыланды — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да «Құқығың өз қолыңда» атты конференция өтті: «Заң мен тәртіп» парадигмасы және цифрландыру мәселелері талқыланды

14 қазан 2026
ҚазҰУ-да «Құқығың өз қолыңда» атты конференция өтті: «Заң мен тәртіп» парадигмасы және цифрландыру мәселелері талқыланды
2026 жылғы 14 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығының» ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» парадигмасы шеңберінде «Құқығың өз қолыңда» атты конференция өтті.
Аталған іс-шараның спикері ретінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева сөз сөйлеп, «Заң мен тәртіп және цифрландыру: құқықтық мемлекетті дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен сын-қатерлері» тақырыбында салмақты баяндама жасады.
Маңызды басқосуға мемлекеттік орган өкілдері, азаматтық қоғам мен құқық қорғау ұйымдарының мамандары, БАҚ өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы іс-шараға белсенді атсалысты.