- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚХР Шанхай заңтану қауымдастығының делегациясы Заң факультетіне іс-сапармен келді
ҚХР Шанхай заңтану қауымдастығының делегациясы Заң факультетіне іс-сапармен келді
14 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне Шанхай заңтану қауымдастығы Төрағасының орынбасары Чжоу Гоцин (Zhou Guoqing) бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясы ресми сапармен келді.
Делегация құрамында Шанхай заңтану қауымдастығының жетекші зерттеушілері мен бөлім басшылары — Лай Минь (Lai Min), Дун Лиу (Dong Liwu), Ван Чжицян (Wang Zhiqiang), Зерттеу бөлімінің директоры Сунь Цзяньвэй (Sun Jianwei) және Жалпы бөлімнің қауымдастырылған зерттеушісі Чэн Вэй (Cheng Wei) болды.
Шетелдік меймандарды Заң факультетінің деканы А.У. Ахатов қабылдап, екіжақты әріптестік пен білім беру саласындағы байланыстарды талқылады. Ресми қабылдауға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиева мен А.А. Есекеева қатысты.
Кездесу аясында тараптар халықаралық құқықтық зерттеулерді бірлесе жүргізу, студенттер мен оқытушылар арасында академизмді дамыту, сондай-ақ заң ғылымы мен білімі саласындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту перспективаларын талқылады.
Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026