- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың Заң клиникасы тегін құқықтық көмек көрсетті: БҰҰ-ның ТДМ-16 аясындағы кездесу
ҚазҰУ-дың Заң клиникасы тегін құқықтық көмек көрсетті: БҰҰ-ның ТДМ-16 аясындағы кездесу
16 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевнаның жетекшілігімен кафедра жанындағы Заң клиникасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету бағытындағы кешенді жұмысын белсенді түрде жүзеге асыруда.
Осы бастама аясында, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 16-мақсаты — «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағытын іске асыру мақсатында кафедраның аға оқытушысы, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, King’s College London университетінде стажировкадан өткен Данияр Абдрахманов «Радость Алматы» балабақшасының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді.
Жиын барысында Данияр Абдрахманов Заң клиникасының негізгі мақсаты мен қызмет көрсету бағыттарын кеңінен таныстырды. Кездесуде педагогтер мен балабақша қызметкерлері өздерін толғандырған жер телімі және қаржылық-құқықтық мәселелерге қатысты көкейкесті сұрақтарын қойып, білікті заңгерден толық әрі жан-жақты құқықтық түсіндірмелер алды.
Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026