ҚазҰУ студенттері БҰҰ-ның 11-ТДМ аясында Алматы қаласын тазалау сенбілігіне қатысты — ҚазҰУ

ҚазҰУ студенттері БҰҰ-ның 11-ТДМ аясында Алматы қаласын тазалау сенбілігіне қатысты

17 қазан 2026
ҚазҰУ студенттері БҰҰ-ның 11-ТДМ аясында Алматы қаласын тазалау сенбілігіне қатысты
2026 жылдың 17 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 304-топ студенттері куратор-эдвайзер Б.М. Қонысбайдың жетекшілігімен Алматы қаласының тазалығын сақтауға бағытталған сенбілікке белсене қатысты.
Іс-шара кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Қуаналиеваның қолдауымен, кафедраның экологиялық мәдениетті ілгерілету бастамалары және БҰҰ-ның ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» мақсатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Шара барысында студенттер белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, қаламыздың жайлы да әсем болуына өз үлестерін қосты. Жастар қоғамдық орындардың тазалығын сақтаудың маңыздылығын терең түсініп, туған өлкеге деген жанашырлықтарын іс жүзінде көрсетті.
Бұл экологиялық акция ТДМ 11 аясында білім алушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауына, қоғамдық тәртіпті сақтауына және ұйымшылдық қасиеттерін шыңдауға ықпал етті. Қала тазалығы – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Сондықтан айналамызды таза ұстау, табиғатты қорғау және ортақ кеңістікті күтіп ұстау – баршамыздың азаматтық парызымыз.
Таза қала – бәрімізге ортақ құндылық, ал оны сақтау әрқайсымыздан басталады!