- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да циркулярлық экономиканы құқықтық реттеуге арналған халықаралық конференция өтті
ҚазҰУ-да циркулярлық экономиканы құқықтық реттеуге арналған халықаралық конференция өтті
22 қазан 2026
2026 жылғы 22 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Циркулярлық экономиканы құқықтық реттеу: Қазақстан Республикасының заңнамасы және оны жетілдіру болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ҚазҰУ Басқарма төрағасының кеңесшісі Е.Э. Дүйсенов құттықтау сөзімен ашты. Модераторлар - заң факультетінің деканы, профессор У.А. Ахатов, заң ғылымдарының докторы, профессор, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиева.
Конференцияға Қазақстанның және шет мемлекеттердің жетекші ғалымдары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылары қатысты.
Қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасы Криминологиялық қауымдастығының президенті, профессор И.И. Рогов, ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Ж.Ж. Ермекова, Гданьск мемлекеттік университетінің профессоры Э. Юхневичюс (Польша), Чанъань университетінің қауымдастырылған профессоры Чэнь Цишэн (Қытай), Мехмет Арслан (Түркия), Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Б.А. Бекжанов болды. Сондай-ақ конференцияға Қазақстанның жасылдар партиясы «Байтақ» Алматы қалалық филиалының төрағасы Алма Қараш, «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясының хатшысы Владимир Александрович Мартель, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темирлан Қайратұлы Абдыкулов қатысты. Іс-шараға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы да белсенді қатысты.
Конференция барысында циркулярлық экономиканы құқықтық реттеу, экологиялық жауапкершілік, су және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу, жасыл технологиялар, цифрландыру және жасанды интеллектіні құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.
Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026