25 Қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді
23 қазан 2026
23 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында 25 қазан – Республика күніне орай «Бірлік пен келісім – ел болашағының кепілі» атты мерекелік іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.
Салтанатты жиын кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Куаналиева Гульдана Амангельдиевнаның басшылығымен және тікелей қолдауымен өткізілді. Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен мүшелері толықтай қатысты. Ал іс-шараны заң ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Қалымбек Бақытжан, PhD докторы, доцент м.а. Қонысбай Бақыткүл Менленқызы, аға оқытушы Абдрахманов Данияр Саттарович және оқытушы Елеусизова Нұргуль Толеубекқызы ұйымдастырып, жоғары деңгейдегі мазмұнды бағдарлама әзірледі.

Мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының Ғылыми зерттеулер орталығының басшысы, философия докторы (PhD) Сәулен Нұржан қатысып, мазмұнды сөз сөйлеп, салмақты ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, іс-шараға заң факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Тұрсынқұлова Динара Ахановна мен деканың ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Шарипова Асель Бостановна қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты бағдарлама аясында жүрекжарды патриоттық өлеңдер оқылып, әсем әндер шалықтады. Сонымен қатар көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлаған мыңбұралған би өнері көрсетіліп, іс-шара өте жоғары деңгейде, көтеріңкі әрі әсерлі атмосферада өтті.

Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026