Білім мен ғылым – Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттырудың негізі
2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдау елдің жаңа тарихи кезеңдегі даму басымдықтарын айқындауға бағытталған. Мемлекет дамуының маңызды шарты – қоғамның бірлігімен қатар, адами капиталды нығайту, білім сапасын арттыру және ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану.
Жоғары білім беру жүйесінде мамандарды сапалы даярлау, студенттердің сыни ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту ерекше маңызға ие. Қазіргі университет тек білім беретін мекеме ғана емес, жаңа идеялар қалыптасатын, ғылыми ізденістер жүргізілетін және инновациялық шешімдер әзірленетін орта болуы керек.
Ғылымды дамыту да жүйелі қолдауды қажет етеді. Ғалымдардың кәсіби әлеуетін арттыру, жас зерттеушілерге мүмкіндік беру, ғылыми жобалардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу және университеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту – отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды бағыттары.
Сонымен қатар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуы білім беру мен ғылыми зерттеулерге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Осы өзгерістер жағдайында білім алушылардың технологияларды меңгеруімен бірге, ақпаратты сыни бағалау және ғылыми тұрғыдан талдау қабілеттерін қалыптастыру маңызды.
Қорытындылай келе, білім мен ғылымға салынған инвестиция – елдің болашағына салынған инвестиция. Ғылыми әлеуетті нығайту, сапалы білім беру және жас ұрпақтың зерттеушілік қабілетін дамыту Қазақстанның тұрақты дамуы мен халықаралық ғылыми кеңістіктегі орнын нығайтуға ықпал етеді.
Мауленова С.С., PhD, Зоология, гистология
және цитология кафедрасының аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар