- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тіл – мәдениеттер арасындағы көпір»: ҚазҰУ-да мәдениетаралық коммуникация тренингі өтті
«Тіл – мәдениеттер арасындағы көпір»: ҚазҰУ-да мәдениетаралық коммуникация тренингі өтті
2026 жылғы 27 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шығыстану факультеті, Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл – мәдениеттер арасындағы көпір» тақырыбында мәдениетаралық коммуникацияға арналған тренинг өтті.
Іс-шара докторанттар мен магистранттарға, педагогтер мен зерттеушілерге арналып, тілдің мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынас орнатудағы рөлін тереңірек зерделеуге бағытталды.

Тренингті кафедрамыздың филология ғылымдарының докторы, зерттеуші-профессор Сүйерқұл Ботагөз Мырзабайқызы жүргізді. Кездесу барысында мәдениетаралық коммуникацияның маңызы, тіл мен мәдениеттің өзара байланысы, сондай-ақ түрлі мәдени ортада тиімді қарым-қатынас орнатудың ерекшеліктері талқыланды.
Қазіргі жаһандану дәуірінде мәдениетаралық коммуникация дағдылары академиялық ортада, ғылыми ынтымақтастықта және білім беру саласында ерекше маңызға ие. Әртүрлі мәдени құндылықтар мен тілдік ерекшеліктерді түсіну өзара құрметті нығайтып, кәсіби байланыстардың сапасын арттыруға ықпал етеді.
.jpeg)
Осындай танымдық кездесулер жас зерттеушілер мен білім беру саласының мамандарына кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, ғылыми көзқарастарын кеңейтуге және мәдени әртүрлілікті тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
«Тіл - мәдениеттер арасындағы көпір» тренингі тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтарды жақындастыратын, рухани құндылықтарды ұштастыратын және өзара түсіністікке жол ашатын маңызды тетік екенін айқындады.
Кыркымбекова А.
Басқа жаңалықтар