ҚазҰУ-да Президент жолдауы 20 нүктеде тыңдалды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауының тікелей көрсетілімі 20 нүктеде ұйымдастырылды.
Университет басшылығы, оқытушы-профессорлық құрам мен білім алушы жастар жолдауды кітапхананың басты фойесінен, 16 факультеттің мәжіліс залдарынан және жатақханалардағы студенттер залынан тыңдады.

Қатысушылар Президент айқындаған басым бағыттар мен саяси реформалардың жаңа бағдарламасын қолдап, ел дамуына қатысты міндеттердің маңыздылығына назар аударды.

Тікелей көрсетілімнен кейін қатысушылар Қасым-Жомарт Кемелұлы көтерген өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Оқу ордасының ұжымы алда әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығына мән берді. Жолдауда Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған негізгі міндеттер толығымен қамтылғанын атап өтті.






Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар