ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ ИРАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕНІ ТАМАШАЛАДЫ — ҚазҰУ

ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ ИРАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕНІ ТАМАШАЛАДЫ

16 қазан 2026
ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ ИРАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕНІ ТАМАШАЛАДЫ

2026 жылғы 16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультеті «Қоғамдық денсаулық» мамандығының студенттері куратор-эдвайзер Г.А. Арынованың жетекшілігімен «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрменің салтанатты ашылуына қатысты.

Көрме ҚазҰУ музейінде университеттің тарих факультеті мен Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара барысында студенттер Иранның бай тарихи-мәдени мұрасымен, ежелгі өркениет ескерткіштерімен және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген бірегей нысандарымен танысты. Көрмеде Персеполь сарайлар кешені, ежелгі Шахр-е Сухте қаласы, тарихи Йезд қаласы, Исфахан сәулет ескерткіштері және басқа да мәдени мұра нысандары фотосуреттер арқылы ұсынылды.

Көрме студенттерге ерекше әсер қалдырды. Тарихи ескерткіштердің көркемдігі мен сәулеттік ерекшеліктері олардың қызығушылығын арттырып, әлем халықтарының мәдениеті мен тарихына деген танымдық көзқарасын кеңейтті. Аталған мәдени-танымдық іс-шара студенттердің рухани дамуына, тарихи-мәдени құндылықтарды құрметтеуге және халықаралық мәдени байланыстардың маңызын түсінуге ықпал етті. Көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға жағымды әсер мен ұмытылмас әсерлі сәттер сыйлады.