- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультеті мектеп оқушылары арасында ЖРВИ-дің алдын алу бойынша ағартушылық іс-шара өткізді
ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультеті мектеп оқушылары арасында ЖРВИ-дің алдын алу бойынша ағартушылық іс-шара өткізді
ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультеті мектеп оқушылары арасында ЖРВИ-дің алдын алу бойынша ағартушылық іс-шара өткізді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті санитариялық-ағарту жұмыстары аясында Алматы қаласындағы Мұқағали Мақатаев атындағы № 140 гимназияның 2 «Е» сынып оқушыларына арналған «ЖРВИ және оның алдын алу» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараны ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Восербаева Ж.К. ОМ24-03 тобының студенттерімен бірлесіп өткізді. Іс-шараға сынып жетекшісі Бесирова А.С. да қатысты.
Кездесу барысында оқушылар жедел респираторлық вирустық инфекциялар, олардың таралу жолдары және алдын алудың негізгі шаралары туралы ақпарат алды. Жеке бас гигиенасын сақтау, қолды дұрыс жуу, жөтелу және түшкіру әдебін ұстану, сондай-ақ денсаулықты сақтауға бағытталған пайдалы әдеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара оқушылардың жұқпалы аурулардың алдын алу туралы білімдерін арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Басқа жаңалықтар