Президент Жолдауы: ауыл шаруашылығын жаңғыртудың жаңа бағыты
Президент Жолдауы — еліміздің болашағына ортақ жауапкершілікпен қарауға үндейтін маңызды құжат. Жолдауда ауыл шаруашылығын жаңғырту елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың және ауыл халқының әл-ауқатын арттырудың маңызды жолы екені атап өтілді. Осы мақсатта ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу, цифрлық технологияларды қолдану, су және жер ресурстарын тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.
Ұстаз ретінде білім мен ғылымды дамыту, жастардың сапалы білім алып, өз әлеуетін толық жүзеге асыруы ел өркендеуінің негізі деп санаймын. Жолдауда белгіленген міндеттер нақты істермен жалғасып, халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді деп сенемін. Әрқайсымыз адал еңбегімізбен Қазақстанның дамуына үлес қосайық!
Молекулалық биология және генетика кафедрасының доценті
Жумабаева Б.Ә.
Басқа жаңалықтар