ТДМ № 4: «Тұтығудан құтылу: көркем сөйлеу» тақырыбында танымдық кездесу — ҚазҰУ

ТДМ № 4: «Тұтығудан құтылу: көркем сөйлеу» тақырыбында танымдық кездесу

27 қазан 2026
ТДМ № 4: «Тұтығудан құтылу: көркем сөйлеу» тақырыбында танымдық кездесу

        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Тұтығудан құтылу: көркем сөйлеу» тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің сөйлеу мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін әрі анық жеткізу дағдыларын дамыту және көпшілік алдында сөйлеу кезінде өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

        Кездесуге Омар Балнұр қатысып, студенттермен сөйлеу ерекшеліктері, тұтығуды жеңу жолдары және көркем сөйлеудің маңыздылығы туралы пікір алмасты. Іс-шараға ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы да қатысты.

       Кездесу барысында сөйлеу мәдениеті, ойды жүйелі жеткізу, қарым-қатынас кезінде туындайтын қиындықтар және көпшілік алдында өзін еркін ұстау мәселелері талқыланды. Қатысушылар сөйлеу дағдыларын дамыту, өзіне деген сенімділікті арттыру және күнделікті өмірде тиімді қарым-қатынас орнату жолдары туралы ой бөлісті. Студенттер кездесуге белсенді қатысып, тақырып аясында түрлі сұрақтар қойды. Олар тұтығуды жеңуге көмектесетін тәсілдерге, сөйлеу кезіндегі қобалжуды азайтуға, өз ойын еркін жеткізуге және адамдармен қарым-қатынас жасаудағы сенімділікті арттыруға қатысты мәселелерге қызығушылық танытты. Сұрақ-жауап форматында өткен пікір алмасу студенттерге өздерін толғандырған мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

       Мұндай танымдық кездесулер жастардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге және жеке тұлғалық әлеуетін ашуға ықпал етеді. Сонымен қатар, олар әр адамның жеке ерекшеліктерін құрметтеуге, бір-бірін түсінуге және қоғамда қолайлы психологиялық әрі әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталған. ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығының осындай іс-шараларға қатысуы университетте инклюзивті қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, студенттердің өзара түсіністігін нығайтуға және әрбір білім алушы үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын көрсетеді.