ҚазҰУ-да жасанды интеллект пен математиканың болашағына арналған ғылыми кездесу өтті — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да жасанды интеллект пен математиканың болашағына арналған ғылыми кездесу өтті

15 қазан 2026
ҚазҰУ-да жасанды интеллект пен математиканың болашағына арналған ғылыми кездесу өтті

2026 жылғы 15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде «Жасанды интеллект және математика: ықпалы, мүмкіндіктері және болашағы» тақырыбында ғылыми кездесу өтті.

Іс-шараға факультет оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Ғылыми кездесуде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Айдархан Жүсіпбекұлы Қалтаев, Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Сырым Еркінұлы Касенов және Математика кафедрасының ассистент-профессоры, PhD Айдос Ғанижанұлы Шакир баяндама жасады.

Спикерлер жасанды интеллекттің математика ғылымына, ғылыми зерттеулерге және білім беру үдерісіне ықпалы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында жасанды интеллекттің заманауи мүмкіндіктері мен артықшылықтары, оны қолдануға байланысты ықтимал тәуекелдер, математикалық есептерді шешудегі жаңа тәсілдер және математиканың болашақ дамуындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды.

Іс-шара студенттерді, магистранттар мен докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға, олардың жасанды интеллект пен математиканың өзара байланысы туралы білімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Іс-шара БҰҰ-ның келесі Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес өткізілді:
- ТДМ 4 – Сапалы білім;
- ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым;
- ТДМ 17 – Тұрақты даму жолындағы әріптестік.

 


Математика кафедрасының меңгерушісі А.М. Тлеулесова

Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.Ұ. Буканай