Математика кафедрасында магистранттар мен докторанттардың дәстүрлі ғылыми семинары басталды — ҚазҰУ

Математика кафедрасында магистранттар мен докторанттардың дәстүрлі ғылыми семинары басталды

13 қазан 2026
Математика кафедрасында магистранттар мен докторанттардың дәстүрлі ғылыми семинары басталды

2026 жылғы 12 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультетінің Математика кафедрасында магистранттар мен докторанттарға арналған дәстүрлі ғылыми семинардың алғашқы отырысы өтті.

Ғылыми семинар барысында докторанттар өздерінің диссертациялық зерттеу тақырыптарын таныстырып, ғылыми жұмыстарының мақсаты, міндеттері, қолданылатын әдістері мен күтілетін нәтижелері бойынша баяндама жасады.

Семинарда келесі докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды:
- 3-курс докторанты Қасен Медина – «Параболалық емес облыстардағы параболалық теңдеулер үшін қойылған тура және кері есептер»;
- 2-курс докторанты Аубакирова Гулдара Асхатовна – «Кеңейтілген Гильберт кеңістігіндегі дифференциалдық-функционалдық операторлардың корректілі тарылулары және олармен байланысты спектрлік есептер»;
- 2-курс докторанты Жаппарова Сауле Дуйсенкызы – «Коэффициенті үзілісті жылуөткізгіштік теңдеуі үшін бейлокал шекаралық есептердің шешімділігін зерттеу»;
- 2-курс докторанты Муратова Алуа Кайраткызы – «Навье–Стокс теңдеулерінің стационар емес жағдайлары үшін өтпелі режимдерді сипаттайтын есептеу алгоритмдерін зерттеу».
Баяндамалардан кейін ұсынылған ғылыми жұмыстар кафедра профессорлары, оқытушылары, ғылыми жетекшілер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен талқыланды. Қатысушылар баяндамашыларға зерттеу тақырыптары бойынша сұрақтар қойып, диссертациялық жұмыстарды одан әрі жетілдіруге бағытталған ғылыми және әдістемелік ұсыныстарын білдірді.

Дәстүрлі ғылыми семинар магистранттар мен докторанттардың зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде талқылауға, диссертациялық жұмыстардың сапасын арттыруға, ғылыми нәтижелерді көпшілік алдында таныстыруға, сондай-ақ академиялық жазу және ғылыми пікірталас дағдыларын дамытуға бағытталған.

Алдағы уақытта магистранттар мен докторанттардың ғылыми семинары әр дүйсенбі күні сағат 14:00-де тұрақты түрде өткізіледі. Семинар барысында жас зерттеушілер өз жұмыстарының аралық және қорытынды нәтижелерін таныстырып, кафедра ғалымдарынан ғылыми-әдістемелік кеңес ала алады.

📅 Алғашқы отырыс: 12 қазан 2026 жыл
🕒 Уақыты: 14:00
📍 Өткізілген орны: 413-аудитория

Ғылыми семинар БҰҰ-ның келесі Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға үлес қосады:
- ТДМ 4 – Сапалы білім;
- ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым;
- ТДМ 17 – Тұрақты даму жолындағы әріптестік.


Математика кафедрасының меңгерушісі А.М. Тлеулесова
Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.Ұ. Буканай