«Мен туған елімді қаншалықты білемін?» атты танымдық викториналық сайыс өткізілді — ҚазҰУ

«Мен туған елімді қаншалықты білемін?» атты танымдық викториналық сайыс өткізілді

27 қазан 2026
«Мен туған елімді қаншалықты білемін?» атты танымдық викториналық сайыс өткізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай студенттер арасында «Мен туған елімді қаншалықты білемін?» атты танымдық викториналық сайыс өткізілді.

Іс-шара жатақханадағы мерекелік кезеңдегі кезекшілік аясында ұйымдастырылды. Викториналық сайыс АКМ мамандығының 2-курс студенттері мен Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының аға эдвайзері Тапеева С.К. ұйымдастырумен жүзеге асты

Іс-шараның мақсаты – студенттердің Қазақстан тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік сезімін нығайту және азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Сайыс барысында қатысушылар еліміздің тарихы мен мәдени мұрасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Мұндай танымдық іс-шаралар жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты – «Сапалы білім» және 11-мақсаты – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» бағыттарымен үндеседі. Атап айтқанда, жастардың білімін кеңейтуге, мәдени мұраны дәріптеуге және ұлттық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – білімді, отаншыл және жауапты жастарды тәрбиелеу жолында!

 

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы