«Ежелгі түркі мифологиясы және оның кейіпкерлері»: ҚазҰУ-да шеберлік сабағы өтті — ҚазҰУ

«Ежелгі түркі мифологиясы және оның кейіпкерлері»: ҚазҰУ-да шеберлік сабағы өтті

27 қазан 2026
«Ежелгі түркі мифологиясы және оның кейіпкерлері»: ҚазҰУ-да шеберлік сабағы өтті

2026 жылғы 27 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде, №220 аудиторияда белгілі қазақстандық суретші Дәурен Тасболатовтың «Ежелгі түркі мифологиясы және оның кейіпкерлері» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Аталған іс-шара мәдени-ағартушылық бағытта ұйымдастырылып, оған «Кино және медиа» білім беру бағдарламасының 2 және 4-курс студенттері қатысты.

Шеберлік сабағы барысында мен де сөз сөйлеп, тақырыпқа қатысты өз ойларыммен бөлістім. Себебі бұл тақырып менің «Кино және медиа» білім беру бағдарламасы аясында жүргізетін «Сторибординг» пәнінің оқу мазмұнымен тығыз байланысты.

Шеберлік сабағы студенттер үшін тек білім беру тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани ағартушылық жағынан да аса пайдалы болды. Іс-шара ежелгі түркі халықтарының мифологиялық дүниетанымын, мәдени мұрасын және тарихи танымын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Алан Бондарев
Баспасөз және электронды БАҚ 
кафедрасының аға оқытушысы