Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында эссе және сурет байқауын — ҚазҰУ

Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында эссе және сурет байқауын

29 қазан 2026
Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында эссе және сурет байқауын

Қазақстан Республикасының Республика күніне орай филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында эссе және сурет байқауын ұйымдастырды.

Байқауға «Орыс филологиясы» және «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының 1 және 2-курс студенттері қатысты. Байқау білім алушылардың патриоттық санасын қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдени мұрасына деген құрметін арттыруға, сондай-ақ студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Ұсынылған жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік эсселер мен суреттерді іріктеп алды. Жұмыстарының жоғары деңгейі мен шығармашылық ізденісі үшін Габитова Милана, Савина Елизавета, Нуролдинова Алуа және Мамырзах Алуа ерекше аталып өтті. Аталған қатысушылар Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

Байқауды өткізу білім беру үдерісінің тәрбиелік міндеттерін жүзеге асыруға, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамытуға және азаматтық-патриоттық құндылықтарды нығайтуға ықпал етті.