ҚазҰУ білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтады — ҚазҰУ

ҚазҰУ білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтады

29 қазан 2026
ҚазҰУ білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті EduCon білім беру компаниясы, Dostyq School Almaty және Dostyq School Taldykorgan мектептерімен ынтымақтастық және әріптестік туралы үш меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсіміне Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Алина Галеева қатысып, білім беру ұйымдарымен өзара байланысты нығайтудың маңызын атап өтті.

Уағдаластықтар білім беру саласындағы кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіруге, дарынды жастарды университетке тартуға және орта білім мен жоғары білім арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған.

Әріптестіктің негізгі бағыттарының бірі – ҰБТ-ға, Білім-инновация лицейлеріне және Республикалық физика-математика мектебіне түсуге дайындыққа арналған цифрлық білім беру ресурстары мен оқу материалдарын әзірлейтін EduCon компаниясымен бірлескен жұмысты дамыту. 

Бұл ынтымақтастық талапкерлердің дайындық деңгейін арттыруға және сапалы білім беру ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ келісімдер аясында кәсіптік бағдар беру іс-шараларын, оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпараттық кездесулерді, университеттің білім беру бағдарламаларының таныстырылымдарын, ашық есік күндерін және кампус экскурсияларын өткізу жоспарланған. 

Бұған қоса, талапкерлерге оқуға түсу тәртібі мен мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу бойынша кеңес беру көзделген.

Жаңа әріптестік байланыстар оқушылардың университеттің білім беру мүмкіндіктері туралы ақпараттармен танысуға, болашақ мамандығын саналы таңдауына қолдау көрсетуге және қабілетті, ынталы жастардың ҚазҰУ-ға түсуіне жол ашады. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі