«ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАН» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ — ҚазҰУ

«ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАН» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

29 қазан 2026
«ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАН» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Зиянды әдеттерден сақтан» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Шара барысында темекі шегу, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну, есірткі заттарын қолдану және басқа да денсаулыққа кері әсер ететін зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізетін зардаптары туралы маңызды ақпараттар талқыланды.

Ақпараттық сағаттың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың салауатты өмір салтына деген жауапкершілігін арттыру, денсаулықты бағалай білуге тәрбиелеу және зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға бағыт беру.

Тыңдаушылар тақырып аясында өз ойларымен бөлісіп, пайдалы әдеттердің адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, жеке гигиена және психологиялық саулықты сақтау мәселелеріне де назар аударылды.

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Салауатты өмір салтын таңдау – жарқын болашаққа бастар дұрыс қадам!