ҚазҰУ қалашығына танымдық саяхат
ҚазҰУ қалашығына танымдық саяхат
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушы-кураторлары Г.Ә Мұсаева,
Г.Ә. Машинбаева, М.П. Ешимов өз топтарымен бірге ҚазҰУ қалашығына танымдық саяхат жасады.
Саяхат барысында шетелдік білім алушылар университет қалашығының көрікті орындарымен, жасыл желекке бөленген аумағымен және білім ордасының ерекше атмосферасымен танысты.
Мұндай танымдық іс-шаралар шетелдік білім алушылардың университет өміріне бейімделуіне, өзара қарым-қатынастарын нығайтуға және Қазақстанның білім беру ортасы туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді.
ҚазҰУ – білім мен ғылымның, достық пен ынтымақтастықтың ордасы!
Басқа жаңалықтар