Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Қанат Алиханның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған студенттермен танымдық семинар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтардың мәні мен маңызын түсіндіру, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын құқықтық тұрғыдан саралау және студенттердің қоғамдық-саяси үдерістерге қатысты азаматтық көзқарасын қалыптастыру болды.
Аға оқытушы Қанат Алихан Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалардың құқықтық маңызына тоқталып, мемлекеттік реформалардың нәтижелілігі ең алдымен заңдардың сапалы орындалуына, мемлекеттік институттардың тиімді қызметіне және қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейіне байланысты екенін атап өтті.
Іс-шара барысында студенттер Жолдауда қамтылған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, елдің саяси-құқықтық дамуы, мемлекеттік институттардың жауапкершілігі және жастардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы пікір алмасты.
Басқа жаңалықтар