«Қазақстандағы және әлемдегі білім беру модельдері: салыстырмалы талдау»
2026 жылдың 29 қазанында ТДМ-4 «Сапалы білім» аясында филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы «Есеп және аудит» бағдарламасының 1- курс студенттеріне «Қазақстандағы және әлемдегі білім беру модельдері: салыстырмалы талдау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар студенттердің зерттеу және аналитикалық дағдыларын дамытуға, сыни ойлауды дамытуы мен қоғамның тұрақты дамуындағы жоғары сапалы және қолжетімді білім берудің рөлін түсінуге бағытталды.
Студенттер топқа бөлініп, Қазақстан мен Финляндияның және Қазақстан мен Жапонияның білім беру модельдеріне салыстырмалы талдауын жүргізді. Қатысушылар білім берудің ұйымдастырылуын, оқыту әдістерін, қолжетімділігін және білім беру сапасын зерттеп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтады. Сондай-ақ, Қазақстанда тиімді халықаралық тәжірибені қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Топтық жұмыс ақпаратты іздеу және талдау, саралау, ынтымақтастық және нәтиже шығара білу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Семинар сапалы, әділ және қолжетімді білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған 4-ші Тұрақты даму мақсатын жүзеге асыруға үлес қосты.
Семинарды ұйымдастырған: PhD, аға оқытушы Ибраева Д.С.
Басқа жаңалықтар