Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Халықаралық ғылыми-ақпараттық дерекқорлармен және аналитикалық платформалармен жұмыс жасау» тақырыбында практикалық семинар өткізеді.
📚 Семинар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылады.
🔎 Семинар барысында қарастырылатын платформалар:
- Scopus
- Web of Science
- ScienceDirect
- SciVal
- LeapSpace
Семинарда халықаралық ғылыми дерекқорлардан ақпарат іздеу, ғылыми жарияланымдармен жұмыс істеу және аналитикалық платформалардың зерттеу жүргізудегі мүмкіндіктері қарастырылады.
📅 Күні: 10 қараша 2026 жыл
🕛 Уақыты: 12:00
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39, №123 конференц-зал
👥Ұйымдастырушылар: А.Д. Құрманалиева, М.Р. Балтымова, А.Н. Карыбаева
Семинарға оқытушыларды, докторанттарды, магистранттарды, студенттерді және ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытқан барша қатысушыларды шақырамыз!
Басқа жаңалықтар