ӘЛ-ФАРАБИ ТРАКТАТТАРЫ — ҚазҰУ

ӘЛ-ФАРАБИ ТРАКТАТТАРЫ

29 қазан 2026
ӘЛ-ФАРАБИ ТРАКТАТТАРЫ

Ұлы ойшыл, ғұлама, ұстаз Әл-Фараби мұрасы - бүгінгі және болашақ ұрпақты ізгілікке жетелейтін мәңгілік құндылық.

Бүгін  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының  301-топ студенттері топ эдвайзері Әбдіжәділқызы Жидегүлдің бастамасымен білім-ғылым, адамгершілік пен ізгі қоғам идеяларын дәріптейтін шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби трактаттары туралы ой толғайтын бейнероликтер шеруін ұйымдастырды. 

Бейнероликтер шеруінде  Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы», «Логикаға кіріспе», «Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдардың шығуы туралы» еңбектерінің  мәні мен маңызы баяндалды.  

Шараға қатысқан білімгерлер  адамзаттың рухани ұстазы  әл-Фараби мұрасымен танысып,  ұлы ойшылдың парасат- пайымдарынан тағылым алды.                                                              

Әбдіжәділқызы Жидегүл