- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ медиадизайн студенттері Ә. Қастеев музейіндегі «Артишок» театрының 25 жылдығына арналған көрмені тамашалады
ҚазҰУ медиадизайн студенттері Ә. Қастеев музейіндегі «Артишок» театрының 25 жылдығына арналған көрмені тамашалады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Медиадизайн» мамандығының студенттері Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде болды. Мұнда «Артишок» театрының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме өтіп жатыр. Экспозицияға театрдың әр жылдары қойылған спектакльдеріне арналып жасалған плакаттар мен афишалар қойылған.

Студенттер әр жылдардағы баспа дизайн үлгілерін мұқият қарап, композицияға, типографикаға, түстік шешімдерге, иллюстрация мен фотосуреттің қолданылуына назар аударды. Сондай-ақ суретшілердің театрға тән өзіндік стильді сақтай отырып, әр спектакльге жеке визуалды бейне қалыптастыру ерекшеліктері талқыланды.
Болашақ медиадизайнерлер көрмеден алған әсерлері мен көрген жұмыстары алдағы оқу және шығармашылық жобаларына жаңа идеялар мен шабыт беретінін атап өтті.
Аргынбаева М.Х., фил.ғ.к., Баспагерлік-редакторлық
және дизайнерлік өнер кафедрасының
ассистент-профессоры
Басқа жаңалықтар