Әл-Фараби мұрасы және тұрақты даму идеялары — ҚазҰУ

Әл-Фараби мұрасы және тұрақты даму идеялары

29 қазан 2026
Әл-Фараби мұрасы және тұрақты даму идеялары

29 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде метеорология және гидрология кафедрасы «Әл-Фараби және тұрақты даму идеялары: ғылым мен қоғамның сабақтастығы» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәріске кафедраның 2-курс студенттері қатысты.

Іс-шараны кафедраның аға кураторы Р.Е. Ахметова мен қауымдастырылған профессор У.М. Джолдыбаева ұйымдастырды. Оны дайындауға 2-курс кураторы Ж.У. Бексултанова да атсалысты.

Дәрісті ашқан Р.Е. Ахметова ұлы ойшылдың білім мен қайырымды қоғам туралы көзқарастарының бүгінгі тұрақты даму идеяларымен үндестігіне тоқталды. Одан кейін қауымдастырылған профессор У.М. Джолдыбаева «Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы» тақырыбында баяндама жасап, ғалым еңбектерінің мазмұны мен бүгінгі маңызын таныстырды.

Дәрісте Әл-Фарабидің білім, әділеттілік және өзара көмек туралы идеялары БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланыстырыла қарастырылды:

  • білімнің маңызы - ТДМ 4 «Сапалы білім»;

  • әділеттілік мәселелері - ТДМ 10 «Теңсіздікті азайту»;

  • адамдардың бірлесіп өмір сүруі туралы ойлар - ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер»;

  • «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатындағы қайырымды қоғам мен әділ басқару идеялары - ТДМ 16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар»;

  • өзара көмек пен ынтымақтастық - ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік».

Соңында докторант А. Абенова Әл-Фарабидің өмірі мен мұрасына арналған викторина өткізді. Студенттер сұрақтарға белсенді жауап беріп, дәрісте алған білімдерін бекітті.