Механика-математика факультетінде өткен тәрбие жұмысы туралы ақпарат
2026 жылғы 20 қазанда Механика-математика факультетінің кураторы Мүтигуллаева Данагүл ММ 25-1 тобының студенттерімен бірге Ботаникалық баққа танымдық-экологиялық серуен ұйымдастырды.
Іс-шара ЦУР 3 мақсаттарының (ЦУР ) № 3 – «Денсаулық және әл-ауқат» мақсаты аясында өткізілді. Серуеннің негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігінің маңыздылығын түсіндіру, табиғат аясында демалудың адам денсаулығына тигізетін оң әсерін көрсету және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
Серуен барысында студенттер Ботаникалық бақтың әсем табиғатын тамашалап, таза ауада уақыт өткізді. Табиғат аясында серуендеу арқылы физикалық белсенділіктің маңыздылығына назар аударылып, күнделікті қозғалыстың денсаулықты нығайтуға, көңіл күйді жақсартуға және эмоционалдық әл-ауқатты сақтауға ықпал ететіні атап өтілді.
Сонымен қатар, студенттер өзара пікір алмасып, достық қарым-қатынастарын нығайтып, бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізудің маңыздылығын түсінді. Мұндай іс-шаралар жастардың денсаулығын сақтауға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Қорытындылай келе, Ботаникалық баққа ұйымдастырылған серуен студенттердің салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыруға, денсаулық пен әл-ауқаттың маңыздылығын түсінуге және топ ішіндегі бірлікті нығайтуға бағытталды. Іс-шара ТДМ-ның 3-мақсатына сәйкес жастардың физикалық және эмоционалдық саулығын қолдаудың маңыздылығын көрсетті.

Мутиголлаева Данагул
Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар