Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және РТСИМ: мамандарды практикалық даярлаудың жаңа мүмкіндіктері — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және РТСИМ: мамандарды практикалық даярлаудың жаңа мүмкіндіктері

30 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және РТСИМ: мамандарды практикалық даярлаудың жаңа мүмкіндіктері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы білім беруде цифрлық егіздер мен компьютерлік тренажерлерді қолдану бағытында РТСИМ компаниясымен ынтымақтастықты дамытуда.

Ынтымақтастық компания өкілдері мен кафедра оқытушыларының бетпе-бет кездесуінен басталды. Тараптар химия және мұнай-химия өнеркәсібі үшін мамандар даярлау міндеттерін және оқу үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

2026 жылғы 16 қазанда онлайн-семинар өтті. Онда РТСИМ мамандары компанияның әзірлемелерін таныстырып, компьютерлік тренажерлердің жұмысын көрсетті.

Өндірістік жағдайларды модельдеуге, оператордың іс-әрекеттерін пысықтауға және бейіндік пәндерде тренажерлерді пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кафедра оқытушылары «РТСИМ.Карьера» платформасымен жұмыс істеу бойынша онлайн-курстан өтіп, оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды:

  • х.ғ.д., профессор Аубакиров Е. А.;

  • PhD, зерттеуші-доцент Бекисанова Ж. Б.;

  • аға оқытушы Амантайұлы Қ.;

  • PhD, ассистент-профессор Рахым А. Б.

Бұл ынтымақтастық оқытудың цифрлық құралдарын енгізу және химия мен мұнай-химия өнеркәсібінің болашақ мамандарының практикалық құзыреттерін дамыту арқылы «Сапалы білім беру» атты 4-ші Тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді.

Келесі қадам — «РТСИМ.Карьера» мүмкіндіктерін меңгеруге көмектесетін бағдарламамен жұмыс істеу жөніндегі оқыту курсын білім беру үдерісіне енгізу.

Бағдарламамен жұмыс істеуді сәтті меңгеру студенттерге «РТСИМ үздік цифрлық технологы – 2026» чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді. Онда олар компьютерлік тренажерлерде өз білімдерін қолданып, технологиялық үдерістерді басқару дағдыларын тексеріп, басқа білім беру ұйымдарының қатысушыларымен бақ сынаса алады.

🔗 Чемпионат туралы толығырақ: https://vk.cc/d0HfPC

 

Жауапты оқытушылар: Рахым А.Б, Аубакиров Е.А, Ергазиева Г.Е.