ТҮРКІ ӘЛЕМІ ҒЫЛЫМИ МАРАПАТТАРЫ: ҒЫЛЫМ, БІРЛІК ЖӘНЕ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР!
🇰🇿 2026 жылғы 8–9 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты, доценті Исабеков А.К. Алматы қаласындағы «Тұран» университетінде өткен III Түркі әлемі ғылыми марапаттары халықаралық іс-шарасына қатысты.
Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Әзербайжан ғалымдарының басын қосқан халықаралық басқосу ғылыми жетістіктерді дәріптеуге, тәжірибе алмасуға және түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Іс-шара ортақ тарихы мен рухани құндылықтары сабақтасқан түркі халықтарының зияткерлік әлеуетін танытып, ғылым мен білім саласындағы халықаралық байланысты дамытудың маңызын көрсетті.
Ғылым — халықтарды жақындастыратын күш, ал бірлік — ортақ болашақтың негізі!
Түркі әлемінің ғылыми ынтымақтастығы нығайып, жаңа жетістіктер мен тың ғылыми бастамаларға жол ашыла берсін!
Басқа жаңалықтар