Тәжірибе мен теория: Алматы прокуроры ҚХР адвокаттарға салық құқығы бойынша дәріс өткізді — ҚазҰУ

Тәжірибе мен теория: Алматы прокуроры ҚХР адвокаттарға салық құқығы бойынша дәріс өткізді

29 қазан 2026
Тәжірибе мен теория: Алматы прокуроры ҚХР адвокаттарға салық құқығы бойынша дәріс өткізді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде жүзеге асырылып жатқан Қытай Халық Республикасының адвокаттарға арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында салық құқығы блогы бойынша оқыту жалғасуда.

Сабақтың екінші күні шақырылған лектор ретінде Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Шамшиев Диас Арманович сөз сөйледі.

Тәжірибелі маманның қатысуы оқу процесін құқық қолдану практикасына, салық заңнамасының өзекті мәселелеріне және құқық қорғау органдары жұмысының ерекшеліктеріне кәсіби көзқараспен толықтыруға мүмкіндік берді.

Практикалық мамандарды шақыру кәсіби тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан мен ҚХР заңгерлік қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.