«ЗАН ЖӘНЕ ТӘРТІП»: СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС
«Заң және тәртіп» жобасын жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде «Заң және тәртіп: буллинг, кибербуллинг және дропперлік» тақырыбында көшбасшылық дәріс өтті.
1-курс студенттеріне арналған дәрісті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Дарханова С.Д. Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Шамшиев Диас Армановичпен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.
Кездесу барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттер үшін құқықтық жауаптылық, сондай-ақ жастарды дропперлікке және қаржылық алаяқтық схемаларға тарту қауіптері сияқты өзекті мәселелер қаралды.
Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға бағыну мәдениетін және жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу студенттердің прокуратура органдары өкілімен ашық диалог жүргізуі үшін маңызды алаң болды.
ТДМ 4 — Сапалы білім | ТДМ 16 — Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар.
Басқа жаңалықтар