ҚазҰУ-да жапон профессоры Нобуюки Кисидамен кездесу өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Kaishi Innovation University профессоры, инновацияларды басқару және кәсіпкерлік саласының маманы Нобуюки Кисидамен (Nobuyuki Kishida) кездесу өтті.
Кездесуге Farabi International Business School өкілдері, Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Жанна Ермекова және деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Шыңғыс Нұрғазы қатысты.
Нобуюки Кисида Васэда университетінде (Waseda University) технологияларды басқару саласы бойынша MBA және докторлық дәрежелерін алған. Оның кәсіби тәжірибесі академиялық қызметті, басқарушылық консалтингті және венчурлық инвестициялар саласындағы жұмысты, соның ішінде дамушы компаниялар мен технологиялық стартаптарды қолдауды қамтиды.
Кездесу халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар кәсіби тәжірибе алмасуға және шетелдік ғалымдармен ғылыми-білім беру байланыстарын дамытуға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар