📸 XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағы секциялық отырыстар
📸 XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағы секциялық отырыстар
2026 жылғы 7–11 қазан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Информатика және қолданбалы математика» атты XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында 2 және 3-секциялардың ғылыми отырыстары өтті.
🔹 2-секция. Жасанды интеллект, Big Data, деректер туралы ғылым және интеллектуалды жүйелер
Секция барысында жасанды интеллект, үлкен деректерді өңдеу, деректерді талдау, машиналық оқыту және интеллектуалды жүйелерді дамыту бағытындағы өзекті ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдер талқыланды.
🔹 3-секция. Компьютерлік ғылымдар мен инженерия саласындағы басқарудың инновациялық шешімдері
Секцияда компьютерлік ғылымдар мен инженериядағы заманауи басқару тәсілдері, цифрлық технологияларды қолдану және инновациялық инженерлік шешімдерді әзірлеу мәселелері қарастырылды.
🌍 Секциялық отырыстарға шетелдік ғалымдар мен оқытушылар, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, ғылыми баяндамаларын ұсынып, тәжірибе алмасты.
🤝 Мұндай ғылыми кездесулер жаңа идеялардың қалыптасуына, халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына және ғылым мен технологияның дамуына ықпал етеді.
#ҚазҰУ #ХалықаралықКонференция #ЖасандыИнтеллект #BigData #DataScience ИнтеллектуалдыЖүйелер КомпьютерлікҒылымдар ҒылымЖәнеИнновация
Басқа жаңалықтар