«Қаржылық сауаттылық: жеке қаржыны тиімді басқару»
"«Қаржылық сауаттылық: жеке қаржыны тиімді басқару»
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қаржылық сауаттылық: жеке қаржыны тиімді басқару» тақырыбында факультетаралық танымдық кездесу өтеді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің, магистранттардың және оқытушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке қаражатты тиімді басқару мәдениетін қалыптастыру.
Кездесуге экономика ғылымдарының кандидаты, зерттеуші-профессор Асилова Айжан Сәрсенқызы және экономика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Алиева Бағлан Мұратқызы қатысады. Іс-шара барысында жеке бюджетті жоспарлау, кірістер мен шығыстарды басқару, жинақ қалыптастыру және қаржылық мақсаттарды айқындау мәселелері қарастырылады.
Өтетін уақыты: 13 қазан 2026 жыл, сағат 14:00
Өтетін орны: 303-аудитория
Қатысушылар: студенттер, магистранттар және оқытушылар
Қаржылық сауаттылық – тұрақты болашақтың негізі!
@fit_ai.kaznu"
Басқа жаңалықтар