«Оқытудың заманауи интерактивті әдістері» тақырыбында семинар өтті. — ҚазҰУ

«Оқытудың заманауи интерактивті әдістері» тақырыбында семинар өтті.

15 қазан 2026
«Оқытудың заманауи интерактивті әдістері» тақырыбында семинар өтті.

«Оқытудың заманауи интерактивті әдістері» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен интерактивті әдістерді енгізу, студенттердің белсенділігін арттыру және оқыту сапасын жақсарту мәселелері қарастырылды.

Сарсембаева Талшын «IT мамандықтарын интерактивті оқыту: JoVE әдісі және оның аналогтары» және «Виртуалды зертхана оқытудың интерактивті әдісі» тақырыптарында баяндама жасап, визуалды материалдар мен бейнетәжірибелерді оқу үдерісінде қолданудың тиімді жолдарын, сондай-ақ виртуалды зертханалардың білім беру саласындағы мүмкіндіктері мен артықшылықтарын таныстырды.

Әсел Оспан «ЖИ құралдары арқылы интерактивті оқытуды енгізу» тақырыбында шеберлік сабағын өткізіп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ жоспарлауда, интерактивті тапсырмалар құрастыруда және білім алушылардың белсенділігін арттыруда қолдану жолдарын көрсетті.

Семинар оқытушылардың тәжірибе алмасуына және білім беру саласындағы жаңа әдістерді талқылауына мүмкіндік берді.

#ҚазҰУ #KazNU #AI #BigData #ЖасандыИнтеллект