🍀Таза орта – жарқын болашақтың кепілі! — ҚазҰУ

🍀Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

17 қазан 2026
🍀Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

"🍀Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының студенттері қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған сенбілік жұмыстарына қатысты.

Іс-шара аясында білім алушылар университет аумағын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Осындай игі бастамалар жастардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, олардың қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

🌍Қоршаған ортаның тазалығы – қоғам мәдениетінің айқын көрінісі. Табиғатқа ұқыпты қарау мен экологиялық құндылықтарды дәріптеу әрбір азаматтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

💚🌷Табиғатты аялау – келешек ұрпаққа деген қамқорлық!

#ҚазҰУ #KazNU #BigData"