ҚазҰУ магистранты HackAlem AI 2026 хакатонының жеңімпазы атанды
"ҚазҰУ магистранты HackAlem AI 2026 хакатонының жеңімпазы атанды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының «Деректер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Амирханов Алихан HackAlem AI 2026 хакатонында «Инновациялар» бағыты бойынша I орын иеленді.
Алихан байқауда «Хаттама» атты жасанды интеллектке негізделген жобасын ұсынды. Жүйе қазақ және орыс тілдеріндегі жиналыстардың мазмұнын өңдеп, хаттамаларды автоматты түрде қалыптастырады.
Хакатонға ұсынылған 1066 жобаның 60-ы финалға өтті. Жалпы жүлде қоры 220 000 АҚШ долларын құрады.
Факультет ұжымы Алиханды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен ғылыми табыстар тілейді! #kaznu #ai #bigdata #қазұу #искусственныйинтеллект"
Басқа жаңалықтар