- Басты бет
- Жаңалықтар
- 🇨🇳 **ҚазҰУ өкілдері Тяньцзинь педагогикалық университетінде халықаралық жазғы мектепке қатысуда**
🇨🇳 **ҚазҰУ өкілдері Тяньцзинь педагогикалық университетінде халықаралық жазғы мектепке қатысуда**
"🇨🇳 **ҚазҰУ өкілдері Тяньцзинь педагогикалық университетінде халықаралық жазғы мектепке қатысуда**
2026 жылғы 26 қазан – 9 қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының оқытушылары, студенттері мен ғылыми зерттеушілері Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь педагогикалық университетінде өтіп жатқан **«Intelligent Education Integration: Generative Artificial Intelligence and Teaching Innovation»** халықаралық жазғы мектебіне қатысуда.
Бағдарлама Қытай үкіметінің стипендиялық бағдарламасы аясында Тяньцзинь педагогикалық университетінің Жасанды интеллект колледжінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.
Бағдарлама барысында қатысушылар генеративті жасанды интеллект және оқытудағы инновациялар бағытында дәрістер мен практикалық семинарларға қатысып, ғылыми зертханалармен танысады. Сонымен қатар, екі университет арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен зерттеу бағыттарын талқылау мүмкіндігіне ие болады.
🌐 Халықаралық бағдарлама білім беру мен ғылымдағы заманауи технологияларды меңгеруге, кәсіби құзыреттілікті арттыруға және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
#ҚазҰУ #ЖасандыИнтеллект #BigData #TianjinNormalUniversity #GenerativeAI InternationalCooperation AIinEducation"
Басқа жаңалықтар